Ақмола облысында жолаушылар пойызы ірі қара малды қағып кетті
© Сурет: Zakon.kz
Жыл басынан бері теміржолда үй жануарларын басып кетудің 1 526 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысының Тасты – Талды – Баранкөл аралығында Арқалық – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолда ірі қара малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болды.
"Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 3 ірі қара малды қағып кетті. Пойыз 18 минутқа тоқтап қалды". Polisia.kz
Тексеру барысында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлерімен үй жануарларының иесі, Арқалықтың 54 жастағы тұрғыны анықталды. Ер адам темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көлік полицейлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы ескертті және теміржол маңында жануарларды жаю кезінде мұқият болуды өтінді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:41, 16 қараша 2024
Есік пен қабырғаны сындырған: Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған үш тұрғын жазаланды
-
13:04, 16 қараша 2024
Алматыда жол апатынан екі автобус жүргізушісі зардап шекті
-
12:52, 16 қараша 2024
Жамбыл облысының өрт сөндірушілері тұрғын үйдегі өртті сөндірді
-
12:24, 16 қараша 2024
Жаркентте 12 тонна шөп өртенді
-
11:43, 16 қараша 2024
Астанадағы дүкенде шыққан өрт: бір адам зардап шекті