«Жүргізуші инсульт алған». Оралда ауыр жүк көлігі мектеп ғимаратына соғылды

19:43, 15 қараша 2024

© Сурет: mgorod.kz/Медет Медресов

14 қарашада Орал қаласының орталығында ұзын жүк көлігі мектеп ғимаратына келіп соғылды. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі инсульт алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты сағат 22:00 шамасында орын алғандықтан, мектеп аумағында ешкім болмаған. БҚО полиция департаментінде ауыр жүк көлігі Мендалиев көшесімен келе жатып, алдымен HYUNDAI көлігіне соғылғанын айтады. Осыдан кейін екеуі мектептің қоршауына соғылады, ары қарай айналған жүк көлігі №36 мектеп ғимаратына барып қойып кетеді.

"Ауыр жүк көлігінің 62 жастағы жүргізушісі Әзірбайжан азаматы екен. Ол рөлде отырған кезінде естен жоғалтқан, ер адам нейроинсульт бөліміне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша материал жиналды. Ауыр жүк көлігі айып тұрағына қойылды", деп хабарлайды ведомстводан "Мой город" басылымына.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы ер адамның инсульт алғанын нақтылады.

"Жедел медициналық жәрдем бригадасы жүргізушіні қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Содан кейін ол нейроинсульт бөліміне "тілден айырылу белгілері бойынша геморрагиялық типтегі ми қан айналымының жедел бұзылысы" диагнозымен жатқызылды", - дейді дәрігерлер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар науқастың жағдайы ауыр екенін айтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!