Ақтөбе облысында 73 жастағы анасын өлтірді деген күдікке қызы ілінді
© Сурет: Zakon.kz
14 қарашада таңертең Ақтөбе облысы Мәртөк ауылында полиция қызметкерлері 73 жастағы әйелдің денесін тапты. Алдын ала келтірілген дерекке сүйенсек, марқұмның өліміне ішкі ағзалардағы жарақаттары себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталының мәліметінше, қаза тапқан адамның 48 жастағы қызы қылмыс жасады деп күдікке ілінген. Қазіргі уақытта ол ұсталған. Алкогольді бірге тұтыну кезінде туыстар арасында жанжал туындағаны айтылады.
Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. ҚР ҚК-нің 106-бабы, "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Бұдан бұрын Көкшетауда некесін қиған күні жас жігіттің ойын-сауық орындарының бірінде өлтірілгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:55, 15 қараша 2024
Жамбыл облысының тұрғыны Tik-Tok-та видео жариялап, басы дауға қалды
-
20:50, 15 қараша 2024
Абай облысында полицейлер жолда қалып кеткен шетелдік жүргізушіге көмек көрсетті
-
19:51, 15 қараша 2024
Петропавлда құтқарушылар қиын жағдайға тап болған үш жасар балаға көмекке келді
-
19:43, 15 қараша 2024
«Жүргізуші инсульт алған». Оралда ауыр жүк көлігі мектеп ғимаратына соғылды
-
19:14, 15 қараша 2024
Екібастұз ГРЭС-1-дегі энерго блоктардың бірінің неге тоқтатылғаны белгілі болды