Есік пен қабырғаны сындырған: Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған үш тұрғын жазаланды

13:41, 16 қараша 2024

© Сурет: instagram.com/akimat__astana

Астанада құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтап, оларды жауапқа тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, 4 қараша күні таңғы сағат 5 шамасында 29 жастағы астаналық қонақ үйдің алдыңғы есігін сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірді.

Сол күні сағат 20:30 шамасында елорданың ойын-сауық орындарының бірінде 33 жастағы қала тұрғыны жанжал шығарды. Ашу үстінде ол бөлменің есігі мен қабырғасын әдейі зақымдаған. Осы ісімен шамамен 100 АЕК мөлшерінде материалдық шығын келтірді.

Тағы бір оқиға 11 қарашада түскі уақытта болды. 34 жастағы ер адам қоғамдық орында өзін дөрекі ұстап, өзгелерді қорлаған.

Қоғамдық тәртіпті бұзушылардың бәрі табылып, жауапқа тартылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!