Ақмола облысында синтетикалық есірткінің ірі партиясымен шетелдік азамат ұсталды

17:10, 13 мамыр 2026

© Сурет: polisia.kz

Ақмола облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, шет мемлекет азаматы ұсталған. Тінту барысында мефедрон болуы мүмкін 120 түйіншек табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 240 грамнан асқан.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті аса ірі көлемдегі тыйым салынған заттарды Көкшетау қаласына жеткізіп, кейін оларды өзге елді мекендерге тасымалдауға тиіс болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті тергеу кезеңіне уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!