Ақмола облысында прокуратура 1,1 млрд теңгелік мемлекеттік сатып алудың күшін жойды
© Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының прокурорлары жергілікті билік тарапынан жіберілген ірі бюджеттік заң бұзушылықтардың жолын кесті. Степногорск әкімдігі қаланы күтіп-ұстауға арналған шығын сметасын негізсіз ұлғайтпақ болған.
Соның салдарынан жалпы құны 1,1 млрд теңгеден асатын мемлекеттік сатып алу рәсімдері тоқтатылды.
Заң бұзушылықтар қаланы қысқы және жазғы кезеңде күтіп-ұстау жұмыстарының көлемін қалыптастыру және жоспарлау барысында анықталған.
Прокуратура мәліметінше, лауазымды тұлғалар сметалық құнын негізсіз көтеріп, жоспарларға артық әрі экономикалық тұрғыдан негізделмеген жұмыс көлемдерін енгізген. Сондай-ақ заң талаптарына сәйкес келмейтін және бәсекелестік ортаны шектейтін талаптар қойған.
"Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 1,1 млрд теңгені құрайтын 9 мемлекеттік сатып алу рәсімінің күші жойылды. Сметалық құн төмендетіліп, бюджеттен негізсіз жұмсалуы мүмкін 386 млн теңге шығыс қысқартылды. Бұл мемлекеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді", – деп хабарлады прокуратура 2026 жылғы 4 маусымда.
Бюджет шығындарын негізсіз ұлғайту әрекеті қала басшылығы үшін салдарсыз қалған жоқ. Заңдылық талаптарын бұзғаны үшін Степногорск әкімінің орынбасары мен мемлекеттік активтер бөлімінің басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:07, 4 маусым 2026
Жетісу және Алматы облыстарында жер сілкінісіне байланысты жедел желі іске қосылды
-
22:07, 4 маусым 2026
Жетісу облысында жер сілкінісіне байланысты жедел желі іске қосылды
-
21:25, 4 маусым 2026
Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
-
21:10, 4 маусым 2026
Павлодар облысында ауыл маңындағы жол апатынан жасөспірім көз жұмды
-
20:45, 4 маусым 2026
5 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





