Алматылық спортшы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылы 29-30 мамыр Корея Республикасының Пусан қаласындағы Гвангалли жағажайында жеңіл атлетикадан сырықпен секіру бойынша World Athletics ұйымының Challenger санатындағы күнтізбесіне енгізілген Busan International Pole Vault Meeting халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарысқа 10 елден 30-дан астам спортшы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Алматы қаласының өкілі Полина Иванова әйелдер арасындағы сайыста 4,20 метр нәтижемен күміс медаль жеңіп алды.
Ерлер арасында алматылық Иван Товченик 5,40 метр көрсеткішке қол жеткізіп, жүлделі орыннан бір саты төмен қалып, төртінші орын иеленді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында Франция ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алғанын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:34, 4 маусым 2026
Біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық – Тоқаев
-
12:34, 4 маусым 2026
️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі»
-
12:14, 4 маусым 2026
Қазақстанда биыл 884 заңсыз қоқыс полигоны анықталды
-
11:50, 4 маусым 2026
Қазақстандық студент Қытайдағы халықаралық турнирде топ жарды
-
11:40, 4 маусым 2026
Қазақстандықтар несие тарихын қайда және қалай тегін тексере алады





