Ақмола облысында 16 млн теңгенің медициналық жабдығы ұрланды
© Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының полицейлері қымбат медициналық құрал-жабдықтардың ұрлану дерегін ашып, мекемелердің қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертті.
2024 жылдың 26 желтоқсанында Көкшетау қаласындағы медициналық мекеменің басшылығы полиция басқармасына ұрлық туралы шағымданды. Залал көлемі 16 миллион теңгені құрады.
Жедел-тергеу шаралары барысында ұрлыққа аурухананың бұрынғы қызметкерінің қатысы бар екені анықталды. Ол ыңғайлы сәтті пайдаланып, медициналық мекеменің оттегі цистерналарын, СМГ құрылғыларын және рентген аппаратурасын заңсыз иемденіп, автокөлікпен алып шыққан.
Осыған байланысты құқық қорғау органдары мекеме басшыларын қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.
Полицейлер материалдық құндылықтарға қол жеткізуді қатаң бақылап, жабдықтардың қозғалысын мұқият тексеруді, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұсынады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 28 қаңтар 2025
Көкшетауда ер адам жасөспірімді қар төбешігі үшін соққыға жықты
-
22:21, 28 қаңтар 2025
«Күн көріс қамы қиындай түсті». Қайрат Нұртастың әйелін сот процесі әбден қажытқан
-
22:05, 28 қаңтар 2025
Қызылорда облысында қарасора өсірумен айналысқан 40 жастағы ер адам ұсталды
-
22:00, 28 қаңтар 2025
Ұлытау облысындағы ауыл тұрғындары көлікпен жүру үшін жолға кілем төсеуге мәжбүр
-
21:51, 28 қаңтар 2025
Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты атышулы іс: сот үкімі шықты