Ақмола облысында көлік қатынасы үзілген ауылдан жасөспірім ауруханаға эвакуацияланды

21:55, 16 сәуір 2024

© Сурет: видеодан алынды

16 сәуірде құтқарушылар Жарқайың ауданының Баранкөл ауылынан жасөспірімді эвакуациялап, аудандық ауруханаға шұғыл жеткізді. Бұл ауылмен арада көлік қатынасы үзілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есіл өзенінің тасуына байланысты Жарқайың ауданының Баранкөл ауылымен көлік қатынасы тыйылып, соған байланысты аудандық ТЖБ қызметкерлері және облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары моторлы қайықпен қосымша азық-түлік пен дәрілік заттарды тасымалдауда.

Сондай-ақ, ауылдан жасөспірім эвакуацияланып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!