Айтарлықтай ауытқу жоқ. Алматыда қисайды деген үйді мамандар тексеріп шықты

15:59, 11 желтоқсан 2019

Алматы қаласы әкімдігінің Жайлы қалалық орта басқармасы Зерделi-6 (бұрынғы Алғабас мөлтек ауданы) ықшамауданындағы 9 қабатты үйдің жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Желтоқсанның 10-нан 11-не қараған түні жайлы қалалық орта басқармасы мамандары № 179 үй тұрғынының шағымы бойынша аталған мекен-жайда болды. Сырттай өлшем жасалып, айтарлықтай ауытқудың жоқтығы белгіленді. Бүгін, 11 желтоқсанда "АлматыБасжоспар" ғылыми зерттеу институтының мамандары бұл үйде бұрын орнатылған белгілерді қайта тексеріп шықты. Нәтижесінде айтарлықтай ауытқулар анықталған жоқ, - делінген хабарламада.

Бұрынғы Алғабас (Зерделi) мөлтек ауданда орналасқан бұл үй мамандардың тұрақты бақылауына алынғаны айтылады.

- Ай сайын әр үйге орнатылған "маяктардың" деңгейімен тексеру жүргізіледі. Соңғы рет тексеру биыл 12 қарашада жүргізілді. Ауытқулар болмаған. ҚазАҚҒИИ мамандары топырақтың жай-күйін зерттегеннен кейін үйдің іргетасын нығайту бойынша ұсыныстар берілуі мүмкін, деп толықтырды басқармадағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!