Ағымдағы жұмыс аптасында Қазақстан заңнамасында қандай өзгерістер болды
© Фото: zakon.kz
"PRG." цифрлық жүйесі Қазақстан заңнамасында ағымдағы жұмыс аптасында болған өзгерістер туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атом саласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясын бекітті.
- Мемлекеттік архивтерге "Ұлттық" мәртебе беру қағидалары қабылданып, тиісті жарлыққа қол қойылды.
- Жамбыл облысының Қордай ауданында "Алатау" индустриялық сауда-логистикалық кешені" атты жаңа арнайы экономикалық аймақ (АЭА) құрылды.
- Қазақстанда жаңа мерекелік дата бекітілді: 3 қыркүйек – Қазақ тазасы мен төбеті күні.
- Үкімет әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын қайта қарап, азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызудың кейбір негіздерін алып тастады.
- Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге алты айлық тыйым енгізілді.
- Ұлттық банк офшорлық аймақтар тізімін жаңартты.
- Үкімет жекешелендіру нысандарын сату қағидаларына өзгерістер енгізді.
- Қазақстанда маңдайшаларды (жарнамалық жазуларды) орналастыруды келісу бойынша жаңа ережелер 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
- Мәдениет министрлігі фонограмма қолдану туралы көрермендерді хабардар ету қағидаларын жаңартты.
- Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстандағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының қызметін реттейтін жаңа қағидаларды бекітті.
- Қазақстан қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға қойылған тыйымды тағы 6 айға ұзартты.
- Жоғарғы сот әкімшілік істер бойынша процессуалдық заңнаманы қолдану мәселелеріне қатысты нормативтік қаулы қабылдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:27, 24 сәуір 2026
Ұлттық банк инфляция бойынша болжам жасады
-
19:12, 24 сәуір 2026
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші көлігінен айырылып, қамауға алынды
-
18:57, 24 сәуір 2026
Қазақстанда қандай жаңа банкноттар пайда болуы мүмкін
-
18:33, 24 сәуір 2026
Қазақстандықтарға 25 сәуірде күтілетін ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
18:19, 24 сәуір 2026
Таңдау көп болса – табыс та жоғары: Ұлттық банк жеке зейнетақы қорлары туралы пікір білдірді





