Қазақстанда қандай жаңа банкноттар пайда болуы мүмкін
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 24 сәуірде өткен брифингте жаңа банкноттарды шығару және купюралар қатарын жаңарту туралы соңғы жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тимур Сүлейменовтың айтуынша, Ұлттық банктің монеталарды өзгерту жоспары жоқ.
"Біздің білуімше, әзірге тек 20 000 теңгелік банкнот қана айналымға шыққан жоқ. Ол бізде бар, дизайнын да көрсеткенбіз. Бірақ банкноттарды өндіру процесі, сондай-ақ банктер мен барлық банкомат желісін дайындау кезеңі бар. Қолма-қол ақша айналымы – күрделі процесс, сондықтан бұл жаңа купюра кейінірек пайда болады", – деді ол.
Оның айтуынша, ескі сериядағы купюралар біртіндеп айналымнан шығарылып жатыр.
"Біз 10 000 теңгелік купюраның айналым мерзімін ұзарттық, өйткені банктер де, халық та оны тағы бір жыл сақтауды сұрады. Сондықтан ескі сериядағы 10 мың теңгеліктің айналымын бір жылға ұзарттық, қазір олар жаңа купюралармен қатар қолданыста жүр – бұл қалыпты үдеріс. Келесі жылы 20 мың теңгелік шығады, содан кейін купюралар қатары толық жаңартылады", – деп қосты Ұлттық банк басшысы.
Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:57, 24 сәуір 2026
Абай облысында кек алу мақсатында шекара қызметкерін ұрып кеткен - сот іске нүкте қойды
-
20:57, 24 сәуір 2026
Абай облысында шекара қызметкерін кек алу мақсатында ұрып кеткен - сот іске нүкте қойды
-
20:38, 24 сәуір 2026
Семейде 42 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
-
20:16, 24 сәуір 2026
Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес ұйымдастырды – видео
-
19:58, 24 сәуір 2026
Өмір бойына сотталған Оңтүстік Кореяның экс-президенті тағы бір іске қатысы бар деп айыпталуда





