Ұлттық банк инфляция бойынша болжам жасады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 24 сәуірде өткен брифингте елдегі инфляцияның төмендеу үрдісіне түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, сәуір айының қорытындысы бойынша инфляцияда оң өзгерістер байқала бастаған.
"Инфляцияның ең жоғары деңгейі өткен жылдың қыркүйегінде болды – 12,9%, яғни шамамен 13%. Соңғы төрт-бес айда Ұлттық банктің ақша-несие саясаты мен басқа да шараларының, сондай-ақ Үкіметтің нақты қадамдарының арқасында инфляция шамамен 2%-ға төмендеді. Біз қараша айында базалық мөлшерлемені көтердік, ол бірден емес, белгілі бір уақыттан кейін әсер етеді. Қазір сол әсер толық байқала бастады. Сонымен қатар жанар-жағармай бағасы мен коммуналдық тарифтерге қойылған мораторий де үлкен ықпал етті", – деді ол.
Оның бағалауынша, Үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияны төмендетуге бағытталған бірлескен жоспары аясындағы шаралар жақсы нәтиже берген.
"Қазір айлық, базалық және жылдық инфляция көрсеткіштері бойынша жақсы нәтижелер көріп отырмыз. Бірақ бұл үрдіс сәуірде сақтала ма – басты сұрақ осы. Сәуір айы біз үшін маңызды кезең болады: инфляция шынымен төмендеу жолына түсті ме, әлде жоқ па – соны түсінеміз. Менің күтуімше, инфляция төмендейді. Шамамен 10–10,5% деңгейіне, мүмкін сәл жоғары болуы мүмкін. Бірақ ең бастысы – оның төмендеу бағыты сақталады", – деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.
Бұған дейін Ұлттық банк жеке зейнетақы қорлары туралы пікір білдіргенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:57, 24 сәуір 2026
Абай облысында кек алу мақсатында шекара қызметкерін ұрып кеткен - сот іске нүкте қойды
-
20:57, 24 сәуір 2026
Абай облысында шекара қызметкерін кек алу мақсатында ұрып кеткен - сот іске нүкте қойды
-
20:38, 24 сәуір 2026
Семейде 42 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
-
20:16, 24 сәуір 2026
Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес ұйымдастырды – видео
-
19:58, 24 сәуір 2026
Өмір бойына сотталған Оңтүстік Кореяның экс-президенті тағы бір іске қатысы бар деп айыпталуда





