Қазақстандықтарға 25 сәуірде күтілетін ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 25 сәуір, сенбі күні ауа райы қандай болатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың болжамынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.
"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, кей өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Бұған қоса, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Абай облысының орталық бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде. Ал Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін 25–27 сәуір аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:16, 24 сәуір 2026
Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес ұйымдастырды – видео
-
19:58, 24 сәуір 2026
Өмір бойына сотталған Оңтүстік Кореяның экс-президенті тағы бір іске қатысы бар деп айыпталуда
-
19:43, 24 сәуір 2026
Қарағандыда көлік ішінен пышақталған әйелдің мәйіті табылды
-
19:27, 24 сәуір 2026
Ұлттық банк инфляция бойынша болжам жасады
-
19:12, 24 сәуір 2026
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші көлігінен айырылып, қамауға алынды





