АДБ Отбасы банкке 90 млрд теңге көлемінде несие ұсынады
© Сурет: Zakon.kz/Мадина Мамырханова
1 қарашада Қазақстанның жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстелінде (KGIR-2024) Отбасы банк пен Азия даму банкі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл меморандум Қазақстанда инклюзивті және экологиялық тұрғын үйлерді қаржыландыруды дамытуға негіз болады.
"Біздің әріптестік гендерлік теңдікті алға жылжытуға, экономикалық өсімді тұрақты етуге және "жасыл" құрылысты қолдауға бағытталған. 2025 жылы Отбасы банк екі маңызды тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр: "Ұмай" және "Жасыл ипотека". Бұл бағдарламалар қазақстандықтардың өз армандарындағы үйге жақындауына көмектеседі. Әріптестік аясында АДБ Отбасы банкке 90 миллиард теңге көлемінде несие беруді жоспарлап отыр", делінген банктің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бағдарламаларға қатысу үшін Отбасы банкте депозит ашып, жинақтауды бастау жеткілікті екені де нақтыланады.
"Ұмай" бойынша алдыңғы жарна 15% басталса, "Жасыл ипотека" бойынша 20% дан басталады деп күтіледі. Мәселен, "Жасыл ипотека" бойынша қазақстандықтан энергиялық тиімді баспана сатып ала алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:27, 23 желтоқсан 2024
Қолайсыз ауа райына байланысты БҚО-дағы жолдардың бір бөлігі жабылды
-
22:16, 23 желтоқсан 2024
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
-
21:46, 23 желтоқсан 2024
Ешбір туған-туысы жоқ марқұмдарды жерлеу рәсімінде былық көп - БАҚ
-
21:29, 23 желтоқсан 2024
Семейдегі шырша: Дәрігерлер жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан мұғалімнің жағдайы туралы айтты
-
20:50, 23 желтоқсан 2024
«Тұман, боран, көктайғақ». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды