Абай облысында ТШК қызметкерлері 1 млрд теңгеден аса бюджет ақшасын заңсыз пайдаланбақ болған
© Сурет: Zakon.kz
Аягөз ауданының прокуратурасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство атап өткендей, 2025 жылдың 30 мамырында аудандық ТКШ бөлімі "МИТ Теплосервис" ЖШС-мен "Орталық" қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға шарт жасасқан.
"Мемлекеттік сатып алу төтенше жағдайлардың салдарын алдын алу сылтауымен бір көзден алу тәсілімен жүргізілген. Алайда, 2025 жылы аудан аумағында төтенше жағдай жарияланбаған. Демек, мұндай тәсілді қолдануға заңды негіз болмаған. Сонымен қатар, 2023 жылдың 10 қарашасында аталған бөлім жаңа қазандық орнатуға 110 млн теңге сомасына, үш жылдық кепілдік мерзімімен ұқсас шарт жасасқаны анықталды", делінген прокуратура хабарламасында.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша заңсыз жасалған шарттың күші жойылды, ал ТКШ бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Бұған дейін Қостанай облысында есепші 10 млн теңгеге жуық бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 15 желтоқсан 2025
Алматыдағы жаңа БРТ желісінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады
-
13:20, 15 желтоқсан 2025
Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болды





