Екі ер адам елордалық азаматты ұрлап әкетіп, оны өздеріне ақша аударуға мәжбүрлеген

18:52, 18 қараша 2024

© Сурет: pixabay

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 8 қарашада алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік мақсатта адам ұрлау және күш қолдана отырып, ақшасын тонау айыбымен екі ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметтерінше, К. басқа адамдармен бірге бұрын бейтаныс жәбірленушіге жақындап, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, оның қылмыс жасады деп күдікке ілінгенін айтады. Одан кейін онымен бірге болған С. жәбірленушінің денесі мен аяғына бірнеше рет соққы жасаған. Белгісіз адам жәбірленушінің бетіне бұрыш спрейін сеуіп, содан кейін оны еркінен тыс, ашық түрде автокөлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа тартып қойған. Автокөліктің салонында С. жәбірленушінің сол жақ иық аймағына электрошокермен соққы беріп, ұялы телефонын тартып алып, kaspi.kz қосымшасының құпия сөзін айтуды талап еткен. С. қосымшаға қол жеткізе отырып, К.-ның танысына 149 мың теңге сомасында ақша қаражатын аударып, кейіннен ол ақшаны К-ның анасына аударған.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлердің айғақтарымен, банк аударымымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушылар С. және К. қылмыстар жиынтығы бойынша кінәлі деп танылып, түпкілікті:

  • С. - 7 жылға;
  • К. - қылмыстардың қайталануына байланысты 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!