2026 жылы жүзеге асатын әлемдегі ең ірі сәулет жобалары аталды
© Сурет: pixabay
Биыл құрылысы аяқталып, көпшіліктің назарын аударады деп күтіліп отырған 11 ғимараттың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
CNN мәліметінше, тізімнің басында Барселонадағы Қасиетті Әулет ғибадатханасы, яғни Саграда Фамилия тұр. Биыл сәулетші Антонио Гаудидің қайтыс болғанына 100 жыл толуына орай биіктігі 170 метр болатын Иса Мәсіх мұнарасының құрылысы аяқталмақ. Бұл — ғибадатхананың 18-ші әрі соңғы шпилі.
Келесі орында Нью-Йорктегі Бесінші авеню, 520 мекенжайында орналасқан зәулім ғимарат аталады.
"Қалада зәулім ғимараттарға деген көзқарас өзгеріп келеді. Әйнек қапталған қасбеттер дәуірінің орнын АҚШ-тың сәулет тарихына сілтеме жасайтын, салтанатты әрі айбынды мұнаралар басуда", — деп жазады CNN.
Тізімге сондай-ақ Миланның оңтүстік-шығысында орналасқан Олимпиада ауылы да енді. Онда биыл өтетін Олимпиада кезінде бірнеше мың спортшы орналастырылады. Ойындар аяқталған соң кешенді қолжетімді студенттік тұрғын үйге бейімдеу жоспарланып отыр.
CNN тізіміне енген өзге нысандар:
- Фрэнк Гери жобалаған Абу-Дабидегі Гуггенхайм музейінің филиалы;
- Кот-д’Ивуардың Абиджан қаласындағы биіктігі 425 метр болатын F мұнарасы, ол Африкадағы ең биік ғимаратқа айналуы тиіс;
- Шанхайдағы ірі опера театры;
- Чикагодағы Обама президенттік орталығы (мұнда музей, кітапхана және білім беру орталығы жұмыс істейді);
- Бағдаттағы Ирак Орталық банкінің жаңа ғимараты;
- Лос-Анджелестегі "Жұлдызды соғыстар" фантастикалық сагасының және Индиана Джонс туралы фильмдер сериясының авторы Джордж Лукасқа арналған музей.
Сонымен қатар тізімге соңғы 40 жылдағы Мельбурн қаласының теміржол желісіндегі ең ауқымды жаңғырту ретінде сипатталған метро туннелі және Қытайдың Дунгуань қалалық округінде орналасқан, смартфон өндіруші ірі компаниялардың бірі OPPO-ның ғылыми-зерттеу орталығы да енгізілді.
Жаңа жыл мерекелері кезінде Триумф аркасы Усман Дембеленің бейнесімен және ПСЖ клубының түстерімен безендірілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 3 қаңтар 2026
Николас Мадуро Венесуэлада төтенше жағдай жариялады
-
12:54, 3 қаңтар 2026
Зейнетақы мен жәрдемақылар–2026: Қазақстанда төлемдер қаншалықты өсті
-
12:49, 3 қаңтар 2026
Польшадағы басты шырша Корольдік сарай маңында Жаңа жыл түнінде жанып кетті
-
12:35, 3 қаңтар 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 3 қаңтар
-
12:28, 3 қаңтар 2026
АҚШ-та парашютші футбол қақпасының торына ілініп, 10 метрден құлады





