2025 жылы Алматыда 35 км жаңа жол салынады

09:02, 5 қаңтар 2025

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада шамамен 300 км жолға, 30 км жаяу жүргіншілер жолына орташа жөндеу жүргізу, сондай-ақ 35 км жаңа жол салу жоспарланған.

Жас Қанат, Шұғыла, Әлмерек, Ақжар, Рахат, Мәдениет және Боралдай шағын ауданы сынды қалаға қосылған аумақтарда жаңа жол салу 70 мыңнан астам тұрғынға көлік қатынасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстар қаладағы сапалы жолдардың үлесін 2024 жылы 92%-дан 2025 жылы 95%-ға дейін арттыруға септігін тигізеді.

Еске салайық, былтыр Алматыда ұзындығы 250 км болатын 255 көше жөнделіп, 25 км жаңа жол салынды, Құлжа тас жолы 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, Саин – Мөңке би жолайырығында қозғалыс ашылған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!