«Аяз, қарлы боран, көктайғақ»: Астана мен еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

22:16, 6 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

7 қаңтарда Астанада, сондай-ақ Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарда тұман түседі деп күтіледі. 8 қаңтарда Жетісу облысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың шығысында, таулы аудандарында қатты қар жауып, тұман түседі деп болжанады. 9 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -10...-15 градус, облыстың шығысында, таулы аудандарында -20...-25 градус аяз болады деп күтіледі.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, орталығында тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың орталығында екпіні 25 м/с дейін жетеді. 8 қаңтарда ауа температурасы түнде -10...-15 градус аязға дейін күрт төмендейді деп күтіледі.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қар жауады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. 8 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды. Ауа температурасының түнде -5...-10 градус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -15...-20 градус аязға дейін күрт төмендейді деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 8 қаңтарда түнде таулы аудандарда аракідік қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысындағы таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасының түнде -3...-8 градус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -11 градус аяз болады деп күтіледі. Таразда 7-8 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады. 8 қаңтарда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ойысып, 7 қаңтарда таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді, 8 қаңтарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең 25 м/с болады деп күтіледі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысында жауын-шашын, кешке облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарда тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, облыстың тау асуларында 28 м/с дейін жетеді. 8 қаңтарда түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар жауады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, тау асуларында 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -3...-8 градус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -12 градус суық болады деп күтіледі.

Күндіз Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, орталығында қатты қар жауады деп күтіледі. Түнде және күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда күндіз қатты қар жауады, түнде бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, орталығында қатты қар жауады. Түнде облыстың батысында, шығысында көктайғақ болады, күндіз бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда күндіз бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Атырауда да кей уақыттарда тұман болады.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде қалың қар жауады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Павлодар облысының шығысында тұман түседі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде қалың қар жауады деп болжанады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Петропавлда тұман болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астана қаласында кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қалың қар жауады деп күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер 7 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қалың қар жауатынын айтып, ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!