Соңғы екі жылда Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 2 трлн теңгеден асты
© Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше 2 жылда Түркістан облысының экономикасына 2 трлн теңге инвестиция тартылып, өсімнің оң динамикасы қалыптасты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның ішінде өткен жылы тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды.
Өңірде "Шағын өнеркәсіптік парк" жобасы алғаш рет жүзеге асып, 10 зауыт іске қосылды. 3 жылда 150-ден аса өндірістік ғимараттар салынып, зауыт-фабрикалар іске қосылады.
Түркістан облысына 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар индикаторы 1 трлн. 133,8 млрд. тг. көлемінде бекітілген. 11 айдың қорытындысымен өңірге тартылған инвестициялар көлемі 1 трлн. 64,7 млрд.тг. (2022 жылы-739,5 млрд.тг, 2023 жылы-948,8 млрд.тг) құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,5%-ға өсті.
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар 2024 жылға өңірге тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 467 млн. АҚШ доллары көлемінде бекітілген, ағымдағы жылдың IIІ тоқсанының қорытындысымен тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1 млрд. АҚШ долларды құрады (2022 жылы-592,9 млн. АҚШ долл., 2023 жылы-857,9 млн. АҚШ долл.).
Жалпы 2022 жылдан бері өңірімізде жалпы құны 255,6 млрд. теңгеге 120 инвестициялық жобаіске асырылып, 5 000-нан астам жұмыс орыны ашылды (2022 жылы 23 жоба 28,9 млрд.тг, 2023 жылы 56 жоба 127,3 млрд.тг, 2024 жылы 57 жоба 137,2 млрд.тг).
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ірілерін атап айтқанда:
1. Сауран ауданындағы "Hevel Kazakhstan" ЖШС (Ресей) қуаттылығы 110 МВт құрайтын 3 күн электростанциясы (инвестиция құны 34,9 млрд.тг.);
2. Отырар ауданындағы "ARM WIND" ЖШС(Италия) қуаттылығы 50 МВт күн электростанциясы (инвестиция құны
22,7 млрд.тг.).
3. Сайрам ауданындағы "CaPable Group" Мүгедектер қоғамы" БҚ (Түркия/ҚР) Итальяндық технология бойынша жөргектердің жаңа түрін өндіру (инвестиция құны 4,0 млрд.тг.);
4. Мақтаарал ауданындағы "ZHANASSYL" ЖШС (ҚР) мақта талшығын өңдеу зауыты(инвестиция құны 2,5 млрд.тг.);
Сондай-ақ алдағы уақытта облыс экономикасына тың серпін беретін 2,5 трлн. теңгеге 145 инвестициялық жобаны іске асырылады. Нәтижесінде 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады. Оның ішінде, 2024 жылдың қорытындысымен жалпы құны 137,2 млрд. теңгеге 2 274 жұмыс орнын ашумен 57 инвестициялық жобаны іске қосылды.
Осымен қоса, облыста жалпы құны 1,7 трлн. теңгеге ТОП-20 ірі инвестициялық жобалардың тізбесі жасақталған. Сондай-ақ, жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Аталған жобалардың есебінен ағымдағы жылға қойылған межеге қол жеткіземіз деген жоспардамыз.
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Анықтама:
1. "ПГУ Туркестан" ЖШС (Сайрам ауданы) қуаттылығы 926,5 МВт құрайтын бу-газ қондырғысының құрылысы (инвестиция құны 689,0 млрд. теңге);
2. "Ocean Energy Company" ЖШС (Қазығұрт ауданы) қуаттылығы сағатына 72 МВт электроэнергия және 110 млн м3 ауыз суын құрайтын Өгем өзенінде Каскад ГЭС-тің құрылысы (инвестиция құны 191,7 млрд. теңге);
3. "Састөбе Инновациялық кешені" ЖШС (Түлкібас ауданы) қуаттылығы жылына 1,8 млн. тонна каустикалық сода, ПВХ, цемент, карбид және әк шығару зауытының құрылысы (инвестиция құны 136,6 млрд. теңге);
4. "Созақ Фосфат" ЖШС (Созақ ауданы) қуаттылығы жылына 1,6 млн. тонна фосфорит кендерін өңдеу зауытының құрылысы (инвестиция құны 130,0 млрд. теңге);
5. "Standard Petroleum & Co" ЖШС (Ордабасы ауданы) қуаттылығы жылына 2,0 млн. тоннаны құрайтын мұнай өңдеу зауытының құрылысы (инвестиция құны 130,0 млрд. теңге);
6. "Стандарт Пауэр" ЖШС (Түлкібас ауданы) қуаттылығы сағатына 320 МВт құрайтын газ- электростанциясының құрылысы (инвестиция құны 119,0 млрд. теңге);
7. "Казатомпром" ҰАК" АҚ (Созақ ауданы) қуаттылығы жылына 100 мың тонна күкірт қышқылын өндіру зауытының құрылысы (инвестиция құны 112,7 млрд. теңге);
8. "КАТКО Қазақстан-Франция БК" ЖШС (Созақ ауданы) қуаттылығы жылына 6 мың тонна уран өндіру кешенінің құрылысы (инвестиция құны 73,0 млрд. теңге);
9. "Казкрахмал" ЖШС (Шардара ауданы) қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы (инвестиция құны 11,0 млрд. теңге);
10. "GLOBAL TEXTILE" OOO (Мақтаарал ауданы) қуаттылығы 10 мың тонна мақта талшығын өндіретін текстиль кластерін құру (инвестиция құны 27,0 млрд. теңге);
11. "Nurym Group" ЖШС (Сайрам ауданы) қуаттылығы жылына 66 мың ірі-қара мал етін және қалдықтарын терең өңдеу зауытының құрылысы (инвестиция құны 20,0 млрд. теңге);
12. Украиналық "UBC Group" компаниясы (Сауран ауданы) қуаттылығы жылына 60 мың тонна өнеркәсіптік мұздатқыш құрылғыларын шығару зауытының құрылысы (инвестиция құны 2,5 млрд. теңге);
13. "Beibars-Bottlers" ЖШС (Түлкібас ауданы) қуаттылығы жылына 84 млн литр ауыз су және түрлі-түсті сусындарды шығару зауытының құрылысы (инвестиция құны 9,5 млрд. теңге);
14. "KAZPLAST" ЖШС (Төлеби ауданы) қуаттылығы жылына 150 мың арнайы киім шығаратын тігін фабрикасының құрылысы (инвестиция құны 1,5 млрд. теңге);
15. "ECOCULTURE-EURASIA" ЖШС (Келес ауданы) қуаттылығы жылына 25 мың тонна томат өсіретін 51 га жер теліміне жылы-жай кешенінің құрылысы (инвестиция құны 1-кезең 42,0 млрд. теңге);
16. "Nurym Group" ЖШС (Сайрам ауданы) қуаттылығы 12 мың басты құрайтын заманауй мал базарының құрылысы (инвестиция құны 8,0 млрд. теңге);
17. "TURKESTAN AGRO.KZ" ЖШС (Арыс қаласы) қуаттылығы 25 мың ірі-қара мал басқа арналған бордақылау кешенінің құрылысы (инвестиция құны 15,2 млрд. теңге);
18. "Корпорация "ERNUR" ЖШС (Бәйдібек ауданы) қуаттылығ жылына 200 млн дана жұмыртқа шығаратын және құрама жем өндіретін зауыттың құрылысы (инвестиция құны 7,6 млрд. теңге);
19. "MEAT MAGNAT" ЖШС (Сайрам ауданы) мал сою цехын қоса алғанда, 10 000 басқа арналған бордақылау базасын салу, салқындатылған қоймалар, тоңазытқыш камералар және қуаттылығы жылына 5 мың тонна етті қайта өңдеу зауытының құрылысы (инвестиция құны 6,7 млрд. теңге);
20. "Gen Group Kazakhstan" ЖШС (Сайрам ауданы) қуаттылығы жылына 4 300 тоннаны құрайтын өнеркәсіптік жылы-жайдың құрылысы (инвестиция құны ІІ кезең 5,1 млрд. теңге).
Өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе өткен жылда Қытай Халық Республикасына іс-сапарлар ұйымдастырылды.
Іс-сапардың нәтижесімен, Қытай Халық Республикасының жаңа технологиясы және қытайлық инвесторлардың капиталымен бірқатар жобалар бастау алды. Осы жұмыстардың нәтижесімен өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады.
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ірі жобалардың қатарында:
- текстиль кластерін құру бойынша "Лихуа Груп" компаниясы, инвестиция сомасы 440 млн. АҚШ доллар. Аталған компания облыста ПВХ құбыр шығаратын зауыт (Отырар ауданы), тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт (Отырар ауданы), 2 мақта өңдеу зауыты (Отырар ауданы), жіп иіру фабрикасы ("Туран" АЭА), иіру фабрикасы ("Туран" АЭА), бояу және әрлеу фабрикасы ("Туран" АЭА) және тігін фабрикасы ("Туран" АЭА) сияқты инвестициялық жобаларын іске қосуды жоспарлауда.
Қазіргі уақытта, 1 200 га алаңда егіс жұмыстары жүргізілді, тамшылатып суару жүйесіорнатылды сондай-ақ, жергілікті тұрғындардан 50-ден астам адам жұмыс істейді және 16 ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылған.
- "Чайна Энерджи (Сhina Gezhouba Group)"(Созақ, Сауран, Бәйдібек, Түлкібас аудандары)жалпы құны 915 млн. АҚШ доллар қуаттылығы 800 МВт құрайтын күн және жел электростанциясының құрылысы.
Өткен жылдың қазан айында Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы) екі ел Президенттерінің қатысуымен өткен Саммиттежобаны жүзеге асыру туралы екі жақты Үкіметаралық келісім шартқа қол қойылды. Сондай-ақ Сауран ауданында 300 МВт күн электростанциясының 1-кезеңін жүзеге асыру үшін 600 га жер телімі ұсынылды.
Сонымен қатар "Шангси Джонгчанг Груп" 5 жұлдызды қонақ үй, бизнес орталық және аквапарк құрылысы (инвестиция құны 121,5 млрд.тг), бейнебақылау камераларын және мыс кабельдерін шығару өндірісін ұйымдастыру үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелді.
Сондай-ақ 2024 жылғы шілде айында Қытай Халық Республикасына жасалған іссапардың нәтижесінде Шэньси, Хубэй, Хэнань провинциялары және Вэйнань қаласы арасында бауырластық қатынастарды орнату туралы меморандумдарға қол қойылды.
Бұдан бөлек, облысқа инвестиция тарту және сауда-экономикалық қатынасты нығайту мақсатында Қытай, Ресей, Австралия, Өзбекстан, Катар, Оңтүстік Корея елдеріне іссапар ұйымдастырылып, маңызды келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, қазан айында Түркістан қаласындаХалықаралық форум өткізіліп, 127 компанияқатысты ("TURKISTAN INVESTMENT & TOURISM FORUM").
Форум аясында 28 компаниямен G2B және 47 компаниямен B2B форматында кездесулер өткізіліп, 301 млрд теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды.
Осы келісім арқылы дрон, медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық өнімдер, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін шығару және басқа да тауарлар өндіретін кәсіпорындарды ашу жұмыстары басталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:16, 7 қаңтар 2025
Қаскелеңде әйел парфюм сататын дүкенде шыққан өрт кезінде зардап шекті
-
17:56, 7 қаңтар 2025
Синоптиктер ертең елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болатынын болжады
-
16:51, 7 қаңтар 2025
Тараздағы кафеде ішімдікке «тойып алған» жас жігіт полицейге пышақпен шабуыл жасады
-
16:38, 7 қаңтар 2025
Алматының коммуналдық қызметі қар жауады деген болжамға байланысты жұмысын күшейтті
-
15:52, 7 қаңтар 2025
Қарағанды облысында интернет-алаяқтардың әрекеті тоқтатылды