2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер өседі

09:02, 21 қараша 2024

© Фото: Zakon.kz

Үкімет 2024 жылғы 19 қарашадағы «2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулысын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәтінде былай делінген:

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 6,5 пайызына ұлғайтылсын.

Қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қазақстанда 2024 жылдың қарашасында әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің 13-інің бағасы өскенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!