4 шілдедегі саудада доллар бағамы одан әрі өсті

15:53, 4 шілде 2024

© Сурет: freepik

Қазақстан қор биржасы (KASE) 4 шілде күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,69 теңгеге көтеріліп, 475,39 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,02 теңгеге (+0,35) дейін өсті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 474,1-476,3 теңгеге, еуро 511,5-516 теңгеге, ресей рублі 5,25-5,37 теңгеге сатылуда.

Сонымен бірге, 4 шілдедегі аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures биржасында электронды саудада қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,86%-ға төмендеп, барреліне $86,59 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,92%-ға төмендеп, барреліне 83,11 долларды құрады.

Бұған дейін Ұлттық банк доллар бағамын 472,57 теңге, еуроны 508,34 теңге, рубльді 5,4 теңге деп белгілеген болатын.

4 шілдеде күннің бірінші жартысында қазақстандық айырбастаушылардың шетел валютасын қандай бағамен сатқанын/сатып алғанын мына жерден көре аласыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!