18 сәуірдегі саудада доллар арзандады

15:55, 18 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,33 теңгеге төмендеп, 447,40 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 61,76 теңге (-0,06) болды.

Ұлттық банк еуроның бағамын 477,93 теңге, рубльді 4,76 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 447,9-449,5 теңгеге, еуро 478-482 теңгеге, ресей рублі 4,69-4,79 теңгеге сатылуда.

Ал 18 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,37%-ға арзандап, барреліне 86,97 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,42%-ға төмендеп, барреліне 82,34 долларды құрады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!