28 наурыздағы түскі саудада доллар тағы арзандады

16:30, 28 наурыз 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,42 теңгеге төмендеп, 448,15 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,93 теңгені (-0,09) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 486,94 теңге, рубльді 4,86 ​​теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448,1-449,9 теңгеге, еуро 484-488,5 теңгеге, ресей рублі 4,73-4,85 теңгеге сатылуда.

Ал, 28 наурыздағы аукционда әлемдік бағалар көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,41%-ға өсіп, барреліне $85,76 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,55%-ға өсіп, барреліне 81,80 долларды құрады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!