11 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 11 наурызда елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, тұман күтіледі. Павлодарда түнде қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, 11 наурызда түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 12 наурызда екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және аса күтіледі. Көкшетауда түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 12 наурызда екпіні 15-20 м/с, 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және аса күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 12 наурызда 15-20 м/с, облыстың шығысында, оңтүстігінде 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және аса күтіледі. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте түнде көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Көкшетауда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтөбеде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Өскеменде түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Семейде түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Қостанайда күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
Жетісу облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда қар, бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Көкшетауда күндіз қар, бұрқасын күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 10 наурыз 2026
Түркістанда полицейлер ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық тұрғынды анықтады
-
21:56, 10 наурыз 2026
Ақсу ферроқорытпа зауытында дауылдан түтін мұржасының бір бөлігі құлады
-
21:09, 10 наурыз 2026
Тоқаев Таяу Шығыстағы тағы бір шабуылды айыптады
-
20:58, 10 наурыз 2026
11 наурызда астаналық оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
-
20:58, 10 наурыз 2026
Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды





