Таразда жоғары сынып оқушысы биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды
© Фото: Zakon.kz
Тараз қаласындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысы биіктіктен құлап кеткен. Жасөспірім ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға бүгін, 2 мамыр күні таңертең болған. HALYQSTAN Telegram-арнасының мәліметінше, жағдай №40 гимназия аумағында орын алған. Белгілі болғандай, 10-сынып оқушысы мектеп ғимаратының сыртында орналасқан өрт сөндіру баспалдағына көтерілген.
Жасөспірім біраз уақыт баспалдақтың қоршауында отырған, кейін тепе-теңдігін жоғалтып, төменге құлап кеткен. Оның демалыс күні не себепті мектепке келгені әзірге белгісіз.
Құлағаннан кейін оқушы шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған бас миының жарақатын, оң жақ жамбас сүйегінің, бұғанасының сынуын және ішкі ағзаларының зақымдануын анықтаған. Қазіргі уақытта жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр. Сондай-ақ оның жақсы оқығаны және түрлі білім беру үйірмелеріне қатысқаны белгілі болды.
Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру нәтижесіне сәйкес заңға сай шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді",- деп мәлімдеді полицейлер.
Бұған дейін АҚШ-та қазақстандық оқушылар робототехника бойынша бақ сынайтындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:57, 2 мамыр 2026
Сүт өнімдерінен бас тарту ішек обырының қаупін арттыруы мүмкін – дәрігерлер
-
13:53, 2 мамыр 2026
Ақтаулық құтқарушылар жанып жатқан үйден 14 адамды эвакуациялады
-
13:19, 2 мамыр 2026
Түркияда жолаушылар автобусы аударылып, үш адам қаза тапты
-
12:45, 2 мамыр 2026
2 мамырдағы Астана мен Алматыдағы валюта бағамы
-
12:14, 2 мамыр 2026
АҚШ Германиядағы 5 мың әскерін шығарады: НАТО одақтастарымен келіспеушілік күшейді





