Түркістан облысында көпірді су алып кеткеннен кейін полицейлер 78 адамды эвакуациялады
© Сурет: бейнежазба скриншоты
Төлеби ауданына қарасты Екпінді ауылындағы Ақмешіт өзені арқылы өтетін екі өтпелі көпір қатты жауын-шашын салдарынан бұзылып, өзеннің арғы бетінде демалып жүрген азаматтар кері өте алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ мәліметіне сүйенсек, оқиға орнына бірінші болып жеткен полиция қызметкерлері жағдайды жедел бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шұғыл әрекет етті. Жергілікті атқарушы органдар және төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесе отырып, арнайы техникалық құралдарды пайдаланып, эвакуациялық жұмыстарды ұйымдастырды.
Полицейлердің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде өзеннің арғы бетінде қалған 78 азамат, оның ішінде 28 жасөспірім аман-есен бергі жағаға өткізілді.
Барлық эвакуацияланған тұрғындар тұрғылықты мекенжайларына жеткізілді. Жедел ахуал полицияның толық бақылауында, жағдай тұрақты.
Бұған дейін жазғанымыздай, 1 мамырда Түркістан облысындағы Ақмешіт ауылында орналасқан туристік аймақта жауын-шашынның салдарынан су тасып, демалыс аймағы мен пикникке арналған аумақты жалғап тұрған уақытша, қолдан жасалған екі көпірді су ағызып әкетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:52, 2 мамыр 2026
Синоптиктер 3 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды
-
16:19, 2 мамыр 2026
Германия жағалауында тұралап қалған кит Атлант мұхитына жіберілді
-
15:23, 2 мамыр 2026
Алматыда танымал көшелердің бірі уақытша жабылады
-
14:57, 2 мамыр 2026
Сүт өнімдерінен бас тарту ішек обырының қаупін арттыруы мүмкін – дәрігерлер
-
14:21, 2 мамыр 2026
Таразда жоғары сынып оқушысы биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды





