Қазақстан бойынша 2 мамырға дауылды ескерту жарияланды

17:55, 1 мамыр 2026

© Фото: pixabay

"Қазгидромет" 2026 жылғы 2 мамырға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, сенбі күні қауіпті ауа райы құбылыстары еліміздің барлық өңірінде және республикалық маңызы бар үш қалада күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

Түнде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы

Күндіз өткінші жаңбыр, найзағай болады. Іле Алатауының таулы аймақтарында да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысы

Батыс, оңтүстік және таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай болжанады. Қонаев қаласында жел екпіні 18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Шымкент

Таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Түркістан облысы

Батыс, оңтүстік және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай, кей жерлерде шквал және бұршақ болуы мүмкін. Таулы аймақтарда қатты жаңбыр күтіледі. Жел 15–20 м/с. Түркістан қаласында да жаңбыр мен найзағай болжанады.

Қызылорда облысы

Күндіз орталық және шығыс бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Сонымен қатар жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы

Батыс, оңтүстік және таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал күтіледі. Жел 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін. Тараз қаласында да жаңбыр, найзағай және бұршақ болуы мүмкін.

Қарағанды облысы

Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Кей аудандарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

Солтүстік-батыста жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман, солтүстігі мен шығысында үсік болуы мүмкін.

Ұлытау облысы

Жел 15 м/с-қа дейін күшейеді. Кей аумақтарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

Таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел 15–20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Кей өңірлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары

Жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, кей жерлерде үсік болуы мүмкін.

Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары

Жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен шквал күтіледі. Жел 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Маңғыстау облысы

Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Жел 15–20 м/с.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!