АҚШ-та қазақстандық оқушылар робототехника бойынша бақ сынайды
© Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
АҚШ-та өтіп жатқан FIRST Championship әлемдік робототехника чемпионатында Қазақстаннан шамамен 230 оқушы өнер көрсетуде. Делегация құрамына Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Щучинск қалалары мен Түркістан облысынан командалар енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қатысушылар Астанада өткен Alem Tech Fest Орталық Азия кезеңінде іріктеуден өтті. Биылғы қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 3 есеге көп.
Чемпионат мектеп оқушылары арасындағы робототехника бойынша негізгі халықаралық жарыстардың бірі саналады.
"Алаң инженерлік дайындығы жоғары және бәсекелестік деңгейі жоғары елдердің командаларын біріктіреді",- деп атап өтті министрлік.
Қатысушылар келесідей бақ сынайды:
- инженерлік шешімдер әзірлеп,
- матчтар сериясынан өтіп,
- финалдық кезеңдерге жолдама үшін күреседі.
Бұған дейін Ормуз бұғазы алдағы айларда ашылмаса, ғаламдық инфляция қазіргі 3,8 пайыздан 4,4 пайызға артуы мүмкін екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:37, 2 мамыр 2026
Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан туристік аймақта бірқатар нысанға зақым келді
-
10:14, 2 мамыр 2026
Ақтөбе мен Орал тұрғындарына тұмшаға байланысты ескерту жасалды
-
09:53, 2 мамыр 2026
Меруерт Өтекешева «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты даулы жағдайға пікір білдірді
-
09:31, 2 мамыр 2026
Астанада желідегі трендті қайталап, қоғамдық орында аққайнар шашқан екі қыз жауапқа тартылды
-
17:55, 1 мамыр 2026
Қазақстан бойынша 2 мамырға дауылды ескерту жарияланды





