Түнде сыра сатқан: Алматыда кәсіпкер жауапқа тартылды

17:15, 2 мамыр 2026

© Фото: pexels

Алматыда кәсіпкерге тыйым салынған уақытта ішімдік сатқаны үшін айыппұл салынып, лицензиясы уақытша тоқтатылды. Бұл заң бұзушылық жедел қызметкерлердің бақылау сатып алуы кезінде анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медеу ауданының прокуратурасы Қабанбай батыр көшесіндегі "Р." дүкенінде бақылау сатып алу жүргізген. Нәтижесінде прокурорлар сағат 01:52 шамасында, яғни 23:00-ден кейін сыра сатып алған. Бейнежазбада алкогольдің алып кетуге сатылғаны анық көрінеді.

Дүкен иесі нысанның бар ретінде жұмыс істейтінін айтқанымен, сот бұл уәжді растамады. Өйткені ғимарат қоғамдық тамақтану орнына қойылатын талаптарға сәйкес келмейді және ішімдік сыртқа алып кету үшін сатылған.

Сот кәсіпкерді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 200-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған 173 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, ішімдік өнімдерін сату лицензиясы бір айға тоқтатылды.

Прокуратура өкілдері алкогольді сату тәртібін бұзу заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Бұған дейін Алматыда танымал көшелердің бірі уақытша жабылатындығын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!