Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан туристік аймақта бірқатар нысанға зақым келді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Түркістан облысындағы Ақмешіт ауылында орналасқан туристік аймақта жауын-шашынның салдарынан су тасып, демалыс аймағы мен пикникке арналған аумақты жалғап тұрған уақытша, қолдан жасалған екі көпірді су ағызып әкетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Төлеби ауданының туристік аймағында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Ақмешіт өзеніндегі су деңгейі көтерілді.
"Нәтижесінде демалыс аймағы мен пикник аумағын байланыстыратын екі уақытша қолдан жасалған көпір шайылып кетті. Сондай-ақ Екпінді аумағындағы өткел зақымданды",- делінген ақпаратта.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Екпінді ауылынан қауіпсіз жерге 11 адам, оның ішінде 7 бала көшірілді. Демалыс аймағынан 70 адам, соның ішінде 20 бала эвакуацияланды.
Уақытша өткел ұйымдастыру үшін арнайы техника жұмылдырылды. Барлық азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ.
"Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, "Қазселденқорғау", полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмысын жалғастыруда",- деп мәлімдеді министрлік.
Бұған дейін Ақтөбе мен Орал тұрғындарына тұмшаға байланысты ескерту жасалғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:08, 2 мамыр 2026
Польшада қамауға алынған Қазақстан азаматы босатылды: Тоқаев поляк басшылығына алғыс білдірді
-
10:55, 2 мамыр 2026
Өзбекстан президентінің қызы жергілікті театрлардың жағдайын сынға алды
-
10:14, 2 мамыр 2026
Ақтөбе мен Орал тұрғындарына тұмшаға байланысты ескерту жасалды
-
09:53, 2 мамыр 2026
Меруерт Өтекешева «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты даулы жағдайға пікір білдірді
-
09:31, 2 мамыр 2026
Астанада желідегі трендті қайталап, қоғамдық орында аққайнар шашқан екі қыз жауапқа тартылды





