12 наурызда елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 12 наурызда елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Қарағандыда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. Павлодарда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, тау аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі. Алматыда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Қонаевта кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығтыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 12 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семейде қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман. күтіледі. Оралда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскеменде күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар, бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Қостанайда түнде аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ: 12 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі.
Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Көкшетауда түнде қар жауады, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Астанада кей уақыттарда қар, бұрқасын күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:47, 11 наурыз 2026
Алматыда полиция қызметкері ауладағы әжетханаға құлап кеткен қызды құтқарып қалды
-
20:26, 11 наурыз 2026
Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолды төрт жолақтыға кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды
-
20:12, 11 наурыз 2026
Астанада екпіні күшті жел салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады
-
19:30, 11 наурыз 2026
Астаналықтардың салық бойынша берешегі миллиардтаған теңгеге жетті
-
19:22, 11 наурыз 2026
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды





