Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

10:37, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568350

© Фото: akorda.kz

Бүгін, 2026 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері тағайындалды. Тиісті жарлықтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Амангелді Сағындықұлы Есенов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Ғабиден Хасенұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Руслан Қасқырбекұлы Мелдебеков Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Юлия Федоровна Энгель Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық соттың судьяларын және Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!