1 наурыз – Алғыс айту күні
Бұл мереке Мемлекет басшысының Жарлығымен биыл алғаш атап өтіліп отыр. Сондай-ақ бүгін – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні.
Екі датаның тұспа-тұс тойлануы тегін емес. Елбасы бұл күні барлық этностардың бір-біріне және оларды өз туғанындай қабылдап, мейірбандық танытқан қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтуді ұсынған еді.
Алғыс айту күні – қуғын-сүргінге ұшырап, аласапыран заманның тауқыметін тартқан халықтың рухани игілігі, кеңпейілділігі мен қайырымдылық дәстүрлеріне терең тағзым. Қазақстан хақының бұл мерекені тойлауы жарасымды. Себебі біздің елде 130-ға тарта ұлт пен ұлыс бірлікте, ынтымақта өмір сүруде.
Татулыққа тірек болған Қазақстан халқы Ассамблеясы мерекеге орай барша ел азаматтарын құттықтады. Онда: «Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойлық жылында Ұлттық күнтізбемізде осы мерекенің пайда болуының мағынасы терең. Бейбітшілік, достық пен келісім құндылықтары Қазақстанның көпұлтты халқының тарихи тағдырымен ұштасқан. Бұл күні біз Қазақстанның көпэтносты жасампаз халқының ортақ тарихына құрмет білдіреміз», – делінген.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:54, 12 мамыр 2026
Бурабайда орман аймағына рұқсат кіргендер анықталды
-
19:27, 12 мамыр 2026
Мәскеу соты қазақстандық рэперге айыппұл салды
-
19:22, 12 мамыр 2026
Астанада екі деңгейлі LRT станциясын салу жоспарланып отыр
-
19:03, 12 мамыр 2026
Астанада есірткі жасырушы ұсталды
-
18:54, 12 мамыр 2026
Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды





