Алматы маңындағы Есік көліне апаратын жол көктемге дейін жабылды

11:22, 19 қараша 2026
MKZ: 1578557

© Фото: pexels

Алматы облысында Есік көліне баратын жолдың 7-шақырымынан әрі көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Іле Алатауы ұлттық паркі хабарлады.

"Есік көліне апаратын жолдың 7-шақырымынан бастап көлік қозғалысы 2026 жылғы 17 қарашадан 2027 жылғы 15 сәуірге дейін тоқтатылды. Бұл учаскемен тек қызмет көрсетуші ұйымдарға, шұғыл қызметтерге және жергілікті тұрғындарға қатынауға рұқсат етіледі. Сапарды жоспарлағанда осы шектеуді ескерулеріңізді сұраймыз", – делінген хабарламада.

Биыл күзде фотограф Есік көлін құс ұшар биіктіктен түсіріп, суреттерін бөліскен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!