5,2 млрд залал: «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президентіне қатысты істің мән-жайы белгілі болды
© Сурет: Telegram/antikornews
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 2026 жылғы 14 сәуірде "ҚазТемірТранс" АҚ-ның бұрынғы вице-президенті Азамат Капеновке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мән-жайымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және ірі көлемде қаржы жымқыру деректері бойынша күдікті ретінде танылған.
"Тергеу амалдарына сай, А.А. Капенов қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде байланысы бар компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған. Салдарынан "ҚазТемірТранс" АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген",- деп мәлімдеді ведомство.
Қазіргі уақытта Капеновке халықаралық іздеу жарияланған. Сот санкциясымен оған "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
"Келтірілген залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасы "Достық" станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жолдаған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен аталған мүлік мемлекет кірісіне өткізілді".ҚР ҚМА
Тергеу жалғасуда.
Агенттік мүлікті тәркілеу Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға ықпал ететіндігін атап өтті.
Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген танымал блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:04, 14 сәуір 2026
Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылып жатыр
-
18:53, 14 сәуір 2026
ШҚО-да далада жалғыз қалған екі жасар бала құтқарылды
-
18:44, 14 сәуір 2026
Шымкентте жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортеж тоқтатылды
-
18:30, 14 сәуір 2026
Алматы зообағында «Қызыл кітапқа» енген қонжықтар дүниеге келді
-
18:20, 14 сәуір 2026
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтихандарының ережелерін неге өзгертпек — ІІМ түсіндірді





