Халықаралық іздеуде жүрген танымал блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
© Сурет: ҚР ІІМ
ҚР ІІМ Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде болған блогер Қайсар Қамзаны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан.
"Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.
ІІМ-де атап өткендей, шетелге жасырыну әрекеттері қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды – іздеуде жүрген әрбір адам ұсталып, Қазақстанға жеткізіледі. Бұл тек уақыт еншісіндегі мәселе.
Бұған дейін аса ірі көлемде сеніп тапсырылған қаражатты ысырап ету арқылы жымқыру фактісі бойынша күдікті ретінде танылған азаматтың Грузияда ұсталып, елге қайтарылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:05, 30 мамыр 2026
Алдияр Рамазанов әртістік жүзуден Испаниядағы Әлем кубогы кезеңінде екінші жүлдесін жеңіп алды
-
19:01, 30 мамыр 2026
Тоқаев Хорватия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
17:46, 30 мамыр 2026
Жапонияда Азия қазақтарының ІІІ құрылтайы өтті
-
17:19, 30 мамыр 2026
«Аптап ыстық, бұршақ, тұман». Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 30 мамыр 2026
ДСМ педиатриялық көмектің гибридті моделін енгізуді қарастыруда





