8 мамырдағы жұмыс күні сенбідегі демалыс күніне ауыстырылды

12:22, 18 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 17 сәуірдегі "2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 2024 жылғы 8 мамырдағы сәрсенбіге ауыстырылады", - делінген құжатта.

Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 2024 жылдың 7, 8 және 9 мамыры демалады. 7 мамырда Отан қорғаушылар күнін және 9 мамырда Жеңіс күнін тойлайды.

4 мамыр жұмыс күні болады.

Сонымен қатар, 1 мамырда қазақстандықтар Қазақстан халқының бірлігі мерекесін атап өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!