28 мамырдағы сауда-саттықта доллар мен рубль бағамы күрт өсті

15:43, 28 мамыр 2026

© Фото: pexels

2026 жылғы 28 мамырда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 485,55 теңгені құрап, 7,54 теңгеге қымбаттады.

Ресей рублінің бағамы 6,86 теңгеге жетіп, 0,21 теңгеге өсті.

Қытай юанінің бағамы 71,36 теңгені құрап, 1,30 теңгеге көтерілді.

Айырбастау пункттерінде доллар 482–485,5 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро бағамы – 560,4–567 теңге, ал рубль 6,56–6,70 теңге аралығында саудалануда.

28 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да өсті.

ICE Futures электронды сауда алаңында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 2,55%-ға қымбаттап, барреліне 94,60 доллар болды.

Ал NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 2,50%-ға өсіп, барреліне 90,90 долларға жетті.

Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын – 477,48 теңге, еуроны – 555,83 теңге, рубльді – 6,65 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!