29–31 мамыр: Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
© Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 29, 30 және 31 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz. Мәліметке сәйкес, Алматыда жаңбыр мен найзағай күтілсе, Астана мен Шымкентте аптап ыстық, кей күндері ауа температурасы +37°С-қа дейін көтеріледі.
Астана қаласы бойынша ауа райы
29 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыс, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +26…+28°С.
30 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, 5–10 м/с. Түнде +14…+16°С, күндіз +30…+32°С.
31 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Түнде +18…+20°С, күндіз +31…+33°С.
Алматы қаласы бойынша ауа райы
29 мамыр: құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, екпіні 13 м/с дейін. Түнде +13…+15°С, күндіз +27…+29°С.
30 мамыр: құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел 3–8 м/с. Түнде +15…+17°С, күндіз +28…+30°С.
31 мамыр: құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел 3–8 м/с, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Түнде +17…+19°С, күндіз +30…+32°С.
Шымкент қаласы бойынша ауа райы
29 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 8–13 м/с. Түнде +13…+15°С, күндіз +30…+32°С.
30 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +16…+18°С, күндіз +32…+34°С.
31 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +20…+22°С, күндіз +35…+37°С.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:26, 28 мамыр 2026
Тоқаев пен Путин Астанада емен көшетін екті
-
17:24, 28 мамыр 2026
Арина Малиновская нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
-
17:12, 28 мамыр 2026
Астанада «Қазақстан – Сириус» мектебі ашылады
-
17:07, 28 мамыр 2026
Тоқаев пен Путинге Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды
-
17:03, 28 мамыр 2026
«Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағыты іске қосылды





