Қазақстанның жоғары білім жүйесіне дзюдо бағдарламасы енгізіледі
© Сурет: gov.kz
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен IJF президенті Мариус Визер қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, меморандум студенттер арасында дзюдоны дамыту мен кеңінен насихаттауға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруды көздейді. Сонымен қатар құжат спорттық инфрақұрылымды жетілдіруді, спорттық резерв даярлауды, дене шынықтыру және спорт саласындағы оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыруды қамтиды.
"Ынтымақтастық аясында дзюдо бағдарламаларын жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру үдерісіне кезең-кезеңімен енгізу, жарыстар ұйымдастыру, студенттік лигалар құру және спорттық инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, спорттық құрал-жабдықтармен, татамимен және дзюдомен айналысуға арналған арнайы экипировкамен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады", – делінген хабарламада.
Бағдарламаның операторы ретінде Jenys International Sports Foundation қоры айқындалды. Қор жобаны қаржыландырып, оны іске асыру жұмыстарын үйлестіреді.
Тараптар меморандумды іске асыру бұқаралық спортты дамытудағы маңызды қадам болатынын және жастарды дзюдомен айналысуға әрі салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратын қосымша мүмкіндіктер қалыптастыратынын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:28, 27 мамыр 2026
Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
-
18:45, 27 мамыр 2026
Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарын жазға дейін қандай ауа райы күтіп тұр
-
18:40, 27 мамыр 2026
Павлодарда қарсы жолаққа шығып кеткен көлік қоғамдық транспортпен соқтығысты
-
17:44, 27 мамыр 2026
Қазақстанда 28 мамырда найзағай ойнап, дауылды жел соғады
-
17:39, 27 мамыр 2026
Түркістан облысында адам өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам ұсталды





