Түркістан облысында адам өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам ұсталды

17:39, 27 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Полицияның мәліметінше, 31 жастағы азамат Алматы облысында тіркелген аса ауыр қылмыс – кісі өлтіру дерегі бойынша іздеуде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктіні Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Жетісай қаласындағы көшелердің бірінен қолға түсірген.

Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған азамат тергеу амалдарын жүргізу және іздеу жариялаған тарапқа тапсыру үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!