7 мамырда Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді

08:10, 7 мамыр 2025

© Сурет: Zakon.kz

Бүгін Астанадағы "Қазақ елі" алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады.

Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Осыған байланысты елордада бүгін бірнеше көше ішінара жабылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!