17 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы: теңге нығаюын жалғастырды

16:00, 17 қыркүйек 2026
MKZ: 1567410

© Фото: freepik

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 17 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,25 теңгеге төмендеп, 444,58 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,03 теңгеге арзандап, 5,25 теңгеге дейін түсті.

Қытай юанінің бағамы 0,14 теңгеге төмендеп, 66,27 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу-сату бағамы 444,5-446,4 теңге, еуроныкі – 509,7-515 теңге, рубльдікі – 5-5,12 теңге аралығында қалыптасты.

17 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеді.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 1,08 долларға арзандап, 104,75 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 1,07 долларға төмендеп, 101,36 долларға саудаланды.

Бүгін таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 444,88 теңге, еуроны – 513,26 теңге, рубльді – 5,28 теңге деңгейінде белгіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!