Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері атанған полицейлер марапатталды
© Фото: zakon.kz
ҚР ІІМ-де VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан намысын абыроймен қорғаған спортшыларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтіп, оған 109 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ІІМ өкілдері де өнер көрсетіп, екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
"Барлық жүлдегер - Ішкі істер министрлігінің ARLAN спорт клубының өкілдері". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6636 әскери бөліміндегі спорт командасын даярлау орталығының спорт жөніндегі аға нұсқаушысы Болат Сапар самбодан 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.
Шығыс Қазақстан облысы ПД процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторы Достан Ошабаев арқан тартыстан алтын медаль жеңіп алды.
Ақмола облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Алмас Жұмағали қырғыз күресінен 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, жоғары спорттық жетістігі үшін Болат Сапар Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың марапатына ие болып, "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды.
ІІМ-де өткен салтанатты кездесуде спортшыларға жоғары нәтижелері, жеңіске деген жігері және халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғағаны үшін алғыс білдірілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтар беріліп, марапаттар табысталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 12 қазан 2026
Көкшетауда құрылыс алаңынан жоғалған төрт жасар баланың мәйіті табылды
-
22:25, 12 қазан 2026
Қостанайда жол жиегінен әйелдің мәйіті табылды: күдікті ұсталды
-
21:12, 12 қазан 2026
Қазақстан өңірлік көшбасшы мәртебесін растады
-
21:08, 12 қазан 2026
Қазақстанда ауа райы қолайсыз болады: елдің барлық дерлік өңірінде ескерту жасалды
-
20:41, 12 қазан 2026
СІМ Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады





