5 қазандағы саудада доллар бағамы тағы күрт өсті

15:56, 5 қазан 2026
MKZ: 1570585

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 5 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 6,62 теңгеге өсіп, 454,98 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 5,38 теңге деңгейінде қалды.

Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы – 456–458,6 теңге, еуро – 508,7–513,6 теңге, рубль – 5,14–5,27 теңге.

5 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсанда жеткізілетін Brent мұнайының фьючерстері 0,71%-ға арзандап, барреліне 101,52 доллар болды. Жұма күні Brent бағасы 0,06%-ға төмендеп, барреліне 102,25 долларды құраған.

Осы уақытта Нью-Йорктің NYMEX тауар биржасындағы электрондық саудада қарашада жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстері 1,14 долларға (1,25%) арзандап, барреліне 89,97 долларға дейін түсті. Алдыңғы сауда сессиясында келісімшарт бағасы 1,76 долларға (1,9%) төмендеп, барреліне 91,11 доллар болған.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 447,73 теңге, еуроны 502,98 теңге, рубльді 5,35 теңге деп белгіледі.

5 қазанның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау пункттері шетел валютасын қандай бағамен сатып алып, сатқанын осы жерден көруге болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!