8 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады

17:33, 7 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 8 қаңтарда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау""да түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, батысында екпіні 15 м/с.

Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз 08, тәулік бойы 09 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Павлодарда аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Өскеменде түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүтсік- шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

Алматыда түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!