Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті
© Сурет: freepik
19 маусымда түнде Ақтөбе қаласында газ құю бекетінде ішінде үш адам бары көлік өртенді. Өкінішке қарай, кәмелет жасына толмаған екеу және бір ересек адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 112 нөміріне шұғыл хабар сағат 22:55–те келіп түскен. Өрт сөндірушілер Ақтөбе қаласындағы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю бекетіне дереу жетіп, өртті сегіз минут ішінде, яғни 23-03-те толықтай сөндірді.
"Өрт сөндіру кезінде көлік ішінен үш адамның денесі табылды. Оның екеуі кәмелетке толмаған. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді". Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Оқиға орнына 10-нан астам техника мен 50-ден астам қызметкер барды. Олардың арасында өрт сөндірушілермен қатар Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасының мамандары болды.
Қазіргі кезде өрттің қалай тұтанғаны анықталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:44, 20 маусым 2026
Қарағанды облысында екі адам терең құдыққа құлап кеткен
-
10:35, 20 маусым 2026
Футболдан ӘЧ-2026: Винисиус Бразилия құрамасына ірі жеңіс сыйлады
-
09:37, 20 маусым 2026
Халықаралық іздеудегі «атыраулық хакер» Түркияда ұсталып, елге депортацияланды
-
09:37, 20 маусым 2026
Халықаралық іздеудегі Қазақстан азаматы Түркияда ұсталып, елге депортацияланды
-
09:20, 20 маусым 2026
Отандық спортшы әртістік жүзуден Әлем кубогының қола медалін иеленді





