МКК салық төлеушілерге жүгініп, маңызды мәлімдеме жасады

21:57, 19 маусым 2026

© Фото: zakon.kz

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты аталған жүйе 2026 жылғы 19-маусымда, сағат 21:00-ден бастап 2026 жылғы 20-маусымда сағат 11:00-ге дейін қолжетімсіз болады.

Көрсетілген уақыт аралығында қажет болған жағдайда СТ 2026 жылғы 19-20 маусымға ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және "ЭШФ" АЖ енгізуге құқылы:

  • 2026 жылғы 21-маусымнан бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
  • 2026 жылғы 22-маусымнан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

Ведомство бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайтынын нақтылайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!